ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық жұмысын бастады 

Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров сөз сөйледі.

 ©BAQ.KZ Бүгiн 2026, 17:18
Бүгiн 2026, 17:18
191
Фото: ©BAQ.KZ

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша электоралдық науқан аясында ҚР Орталық сайлау комиссиясының бірінші отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыста Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сөз сөйледі.

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 “Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауын тағайындау туралы” Жарлығына, Конституцияның және “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңның талаптарына сәйкес Парламент депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысын бастайды.

Қазақстан Республикасының жаңа конституциялық институты – Құрылтай бойынша оның конституциялық мәртебесі, қалыптастыру тәртібі, өкілеттіктері және депутаттарының сайлау жүйесі заңнамалық деңгейде айқындалды. Конституциялық заңға сәйкес, Құрылтай депутаттарының сайлауы бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі ауқымында пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша, саяси партиялардың партиялық тізімдері негізінде өткізіледі. Осы сайлау сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерді ескере отырып өткізілетіндіктен, Орталық сайлау комиссиясының, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының және сайлау процесіне қатысушылардың үйлесімді әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету ерекше маңызды, – дейді Әбдіров.

Оның айтуынша, бүгінгі отырыста сайлау науқанының басталуына байланысты негізгі ұйымдастырушылық шешімдер қабылданады.

Наверх