ОСК: Қазақстандықтардың жартысынан астамы сайлауға келді

19 Наурыз 2023, 18:36
741
Бөлісу:
ОСК: Қазақстандықтардың жартысынан астамы сайлауға келді
Фото: автордан

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 18.00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың келуі мынаны құрады, - деп атап өтті ОСК мүшесі. 

Оның ішінде: 

Абай облысы бойынша –56,14%

Ақмола облысы бойынша –59,49%

Ақтөбе облысы бойынша –56,88%

Алматы облысы бойынша –59,74%

Атырау облысы бойынша –49,19%

Батыс Қазақстан облысы бойынша –58,81%

Жамбыл облысы бойынша –65,00%

Жетісу облысы бойынша –55,07%

Қарағанды облысы бойынша –58,85%

Қостанай облысы бойынша –65,00%

Қызылорда облысы бойынша –65,70%

Маңғыстау облысы бойынша – 54,04%

Павлодар облысы бойынша –58,61%

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –64,46%

Түркістан облысы бойынша –51,07%

Ұлытау облысы бойынша – 58,63%

Шығыс Қазақстан облысы бойынша –63,63%

Астана қаласы бойынша –40,94%

Алматы қаласы бойынша –22,95%

Шымкент қаласы бойынша –43,89%.

Жалпы, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 390 046 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 53,11 пайызын құрайды, - деп нақтылады Шавхат Өтемісов.

Өзгелердің жаңалығы