ОСК партиялар арасында жеребе тастады

18 Ақпан 2023, 19:04
1436
Бөлісу:
ОСК партиялар арасында жеребе тастады
Фото: ОСК

Орталық сайлау комиссиясы мәжілісті сайлауға арналған бюллетеньдегі партиялар атауының ретін анықтау үшін партиялар арасында жеребе тастау рәсімін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Сайлау бюллетеніндегі саяси партиялар атауының реті мынадай:

  • Amanat партиясы;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  • Respublica партиясы;
  • Қазақстанның халық партиясы;
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.

Бұл тәртіп пропорционал жүйе бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихат депутаттарының 50%-ін сайлау үшін, тіркелген партия тізімін ескере отырып, аумақтық сайлау комиссияларының сайлау бюллетеньдерінің мәтінін бекіткен кезде қолданылады, — деді ОСК мүшесі Сабила Мұстафина.

Айта кетейік, мәжіліс пен мәслихат 2023 жылғы 19 наурызда сайланды.

Өзгелердің жаңалығы