ОСК: Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5%-дан аз дауыс жинаса, жарна қайтарылмайды

2 Ақпан 2023, 14:49
2605
Бөлісу:
ОСК: Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5%-дан аз дауыс жинаса, жарна қайтарылмайды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Орталық сайлау комиссиясы кандидаттың сайлауда төлеген жарнасы қандай жағдайда қайтарылып берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, кандидатқа немесе партияға сайлау жарнасын қайтару жағдайлары «ҚР Сайлау туралы» заңда жазылған.

Сайлау жарналары үш жағдайда қайтарылады. Біріншісі, егер кандидат депутат болып сайланса. Екіншісі, кандидат немесе саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының кемінде 5 пайыз дауысын жинаған жағдайда. Үшіншіден, кандидат немесе саяси партияның партиялық тізіміне енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда жарна қайтарылады. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар да болады, - деп түсіндірді Сәбила Мұстафина брифингте.

ОСК: Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5%-дан аз дауыс жинаса, жарна қайтарылмайды

Ал қалған барлық жағдайда сайлау жарнасы республикалық бюджетке түседі.

ОСК: Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5%-дан аз дауыс жинаса, жарна қайтарылмайды
Өзгелердің жаңалығы