Өсімдік шаруашылығы: Биыл 34,3 млрд теңге инвестиция құйылды

14 Желтоқсан 2021, 10:25
2246
Бөлісу:
Өсімдік шаруашылығы: Биыл 34,3 млрд теңге инвестиция құйылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл елімізде 268 агроөнеркәсіптік жоба жүзеге асырылғанын айтты.

Агроөнеркәсіптік кешеннің инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес 2021 жылға 263 млрд теңге соммасына жоспарланған 285 жобаның ішінде  осы жылдың 11 жылдың қорытындысы бойынша 241 млрд теңге соммасында 268 жоба пайдалануға берілді. Әкімдіктердің ақпараты бойынша, 22 млрд теңге соммасына 17 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Іске асырылған жобалар бойынша көш басында Солтүстік қазақстан облысы, Қостанай, шығыс Қазақстан, Ақмола облысы, Қарағанды облыстары тұр, - деді ол.

Министрдің мәліметінше, биыл өсімдік шаруашылығын өңдеу саласына 34,3 млрд теңгеге 27 жоба жүзеге асырылған.

2021 жылғы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша орындалу деңгейі шамамен 94 пайызға жетті. 11 айдың қорытындысы бойынша өсімдік шаруашылығын өңдеу саласында 34,3 млрд теңге соммасына 27 жоба, 7,5 млрд теңге соммасына 6 ет комбинаты, мақта отырғызу саласында 10,3 млрд теңге соммасына 14 жоба, азық-түлік өнімдерін өндіру саласында 2,3 млрд теңге соммасына 6 жоба, тұқым шауашылығы бойынша 1,7 млрд теңге соммасына 4 жоба, сондай-ақ 12,9 млрд теңге соммасында 28 репродуктор пайдалануға берілді.

 

Өзгелердің жаңалығы