Ошақбаев: Экокодекстің қабылдануы – қоршаған ортаны қорғаудағы маңызды меже

2 Қаңтар 2021, 19:33
1463
Бөлісу:
Ошақбаев: Экокодекстің қабылдануы – қоршаған ортаны қорғаудағы маңызды меже

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның экологиялық заңнамасының дамуында үлкен, «титаникалық» позитивті қозғалыс орын алды. «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев осындай пікірде.

Оның сөзінше, жақында ҚР Президенті қол қойған Кодексті дайындау туралы әңгіме көптен бері айтылып келе жатыр. Сансыз талқылаулар болып, біразына Ошақбаевтың өзі де модератор ретінде тартылған.

Кодексте үлкен үміт күтілетін новеллалар бар. Бәрінен бұрын Экокодекс идеологиясы күтпеген жағдай және теңдессіз оқиға екеніне назар аудару керек. Оның ішінде қоршаған ортаны ластау төлемдерінің орнына Ең озық қолжетімді технологияларды енгізу механизмінің қолданылуын ерекше атап өтер едім. Бұл, әрине, бір жағынан бюджетке біраз қаржының түспей қалуына әкеп соқтырады. Дегенмен, компанияларды қалдықтарды азайту үшін технологиялық жабдықтандыру деңгейін жоғарылатуға ынталандырады. Сондықтан Экологиялық кодекстің идеологиясы жүзеге асу кезінде қисынды әрі орынды екенін көрсететініне үміттенеміз,- деді Рахым Ошақбаев.

Ол сонымен бірге Экокодекс қабылданғаннан кейін ЕОҚТ-ның анықтамалығын бекітуге назар аудару қажеттігін, «Экология министрлігі енгізген стимулдардың іс жүзінде жүзеге асып жатқанына көз жеткізу үшін инвестициялық процестерді бақылап отыру керектігін» атап өтті.

Компаниялар ЕОҚТ-ды 2025 жылдан бастап енгізуге тиіс екені белгілі. Дегенмен біз 2021-2022 жылдардың өзінде бірқатар ірі кәсіпорындар ЕОҚТ-ға инвестиция салып жатқандарын хабарлайды деп үміттенеміз,- деді сарапшы.

Рахым Ошақбаев атмосфералық ауаны сапалы бақылаудың маңыздылығына, ол ақпараттың түсінікті, қолжетімді түрде ұсынылуы қажеттігіне де назар аударды. Мысал ретінде сарапшы түсінікті шкаламен 6-7 ластаушы заттардың көрсеткіші негізінде жасалатын Air Quality Index ауа сапасы индексін келтіріп отыр.

Осылайша экологиялық заңнаманың әрі қарайғы дамуы атмосфералық ауа сапасы туралы толыққанды ақпараттың берілуіне септігін тигізеді деп сенеміз. Сол кезде түрлі ғылыми институттар, зерттеу орталықтары атмосфералық ауаның ластану моделдерін жасап, шығарындыларды азайтуға байланысты ғылыми негізделген шешімдер ұсына алады, - деп түйді сөзін Р.Ошақбаев.
Өзгелердің жаңалығы