Жаңа жыл күні Түркістан облысында 59 бала дүниеге келді

2 Қаңтар 2021, 19:19
1458
Бөлісу:
Жаңа жыл күні Түркістан облысында 59 бала дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында желтоқсанның 31-нен қаңтардың 1-не қараған түні 59 сәби дүние есігін ашты. 

Жаңа жылмен тұспа-тұс дүниеге келгендердің 38-і ұл, 21-і қыз бала. Бүгінде барлық ана мен нәрестенің жағдайы дәрігерлер бақылауында, - делінген хабарламада.

Түркістан қаласында орналасқан  №3 Облыстық перинаталдық орталығында бес ұл дүниеге келген.

Түркістан облысы елімізде туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша көш бастап тұр.

Өзгелердің жаңалығы