Орыс ағыны. Қазақстан экономикасына әсері бар ма?

26 Қыркүйек 2022, 18:37
79288
Бөлісу:
Орыс ағыны. Қазақстан экономикасына әсері бар ма?

Мобилизациядан қашып, елге ағылып келе жатқан ресейліктер біздегі қолма-қол рубль массасын ұлғайта бастады, деп хабарлайды Алматы облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Ол екі қауіпке келіп тірейді: банктегі айырбастау своп операцияларының шығыны артып, қаржы нарығы ақша жоғалтады және басқа елде конвертацияланбайтын рубль біздің Ресейге деген импорттық тәуелділігімізді тағы да күшейтеді.

Орыс ағыны. Қазақстан экономикасына әсері бар ма?

Қазақстандағы банктер өзінде қанша рубль бар екенін құпия ұстап отыр. Маусым айында Қазақстандағы рубль массасының көлемі 50 миллиард деп шамаланған болатын. Менің ойымша, Ұлттық Банк берген 31 тамызға дейін рубльді сыртқа шығаруға берілген рұқсат жағдайды қатты реттей алған жоқ. Себебі, ол бір реттік қана рұқсат болды. Ал жалпы, рубльді сыртқа шығаруға тыйым салынған валюталар корзинасынан алып тастау қажет. Себебі, рубль қазіргі таңда ешқандай валюта емес. Ол Еуразиялық экономикалық одақ аумағында ғана конвертацияланып жүргенін ұмытпауымыз керек.

Орыс ағыны. Қазақстан экономикасына әсері бар ма?

Менің бағалауымша, қыркуйекте елімізге ағылған ресейліктер бізге кем дегенде 5 миллиард рубльді қолма-қол банкнота түрінде алып келді. Сондықтан елдегі рубль көлемі 50 миллиардтан асу тиіс. Ресейліктер рубльді теңгеге ауыстырды дейік. Осы ретте, қаржы нарығындағы теңгелік өтімділік азайып, керісінше жұмыс істемейтін рубль көбейе бастайды. Ал егер ол ақша аударымдарына қолданылса, онда своп операцияларынан үлкен шығын келеді. Елде 50 миллиард рубль бар жағдайда, своп ставкасының 15-20% айналасында екенін есептесек, қазір банк секторы айына 4,4-5,8 миллиард теңге шығынға ұшырап отыр. Бүл ретте банктер түрлі комиссиялар арқылы ол шығынның бетін қайтаруға тырысады. Бірақ қордаланып жатқан рубль біздің экономикамызға басқа, үлкен системалық қауіп әкеле бастады.

Орыс ағыны. Қазақстан экономикасына әсері бар ма?

Рубльдің қолдану аясы тарылып барады. Былай қарағанда, рубльді Ресейдің өзінен басқа ешкімге өткізе алмаймыз. Бұл дегеніміз, біздің рубльді зат не тауарға конвертациялау үшін Ресей импортына одан әрі байланып отыра беретінімізді айқындайды. Ал егер рубль күрт құнсызданатын болса, онда біздің ақша-валюта қоры орны толмас шығынға ұшырайды.

Орыс ағыны. Қазақстан экономикасына әсері бар ма?

Бір сөзбен айтқанда, Ресейден қашып жатқандар бізге әлемдік нарықта еркін айналымға түсе алатын евро не доллар сынды валютаны қолма-қол алып келіп, теңгеге айырбастап жатқанда, олардан жағымды эффект көре алатын едік. Бірақ, рубльден ондай пайда жоқ.   

Ресейліктермен бірге сырттан келген капиталдың валюталық күші болмағандықтан, керісінше олар инфрақұрылым мен жұмыс орындарына айтарлықтай жүк түсіре бастағандықтан, бұл көштің экономикалық тұрғыдан пайдасынан көрі зияны көп деген тоқтамға келуге болады. Бұл мигранттарды шектеу және қадағалауды күшейтудің маңызды екенін дәлелдейтін қосымша фактор. 

Өзгелердің жаңалығы