Астанада әлеуметтік желіде тәрбиешінің балаларға күш қолданғаны түсірілген видео тарағаннан кейін кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана полиция департаментінің мәліметінше, бұл бейнежазба 2025 жылдың қазан айында түзету балабақшасында түсірілген.
«Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бейнежазбаның 2025 жылғы қазан айында түсірілгені анықталды. Полиция қызметкерлері түзету бағытындағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеген әйелдің жеке басын анықтады. Ол полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта зардап шеккен балалардың ата-аналары анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына берген жауабында.
Полицияда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде ұйықтап жатқан баланың бетін тырнаған балабақша қызметкері тергеліп жатқаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Өзбекстанда балабақшада жәндіктерге қарсы дәріні ішіп қойған бала қайтыс болды
Таразда тәрбиеші аутизмі бар баланы қол-аяғын байлап ұйықтатпақ болған
Қазақстанның балабақшаларында кезек 160 мыңнан 23 мыңға дейін азайды