"Өртті сөндіру үшін көп адам жіберу керек еді". Смайылов тапсырма берді

13 Маусым 2023, 10:49
837
Бөлісу:
"Өртті сөндіру үшін көп адам жіберу керек еді". Смайылов тапсырма берді
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Мен бұған дейін өртті өршімей тұрып, басталған сәтте сөндіру үшін шұғыл әрекет ету керегін ескерткен болатынмын. Үкімет отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов осылай деп мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Өрттің таралуына жол бермеу үшін техника мен адамдарды көбірек жіберу керек еді. Далада немесе орманда өрт шыққанда бірінші күні, алғашқы сағаттарда тиісті қадамдарды қабылдау өте маңызды. Мұндайда жағдайды дұрыс бағалап, кез-келген апаттың алдын алуға барлық күш-жігерді жұмсау керек. Сонда ғана шығын азайып, адам өлімі мен ауқымды апаттан аман қалуға болады, - деді Үкімет басышысы.

Смайылов Экология министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігіне елдің ұлттық парктері мен орман шаруашылықтарын өртті ерте анықтау және мониторинг жүйелерімен жарақтандыру жөнінде тапсырма берді.

Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге табиғи өрттерге қарсы әрекет ету алгоритмін қайта қарауы қажет. Ең бастысы – өртті толықтай ауыздықтап, өшіру керек. Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары орындалуы тиіс, - деді Премьер-министр.

Айта кетейік, қазір өрттің түтінен уланған екі қызметкердің жағдайы жақсаруда. Сондай-ақ жоғалған тракторшы Сергей Архиповты іздеу жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы