Өрттен құтқарам деп қаза болған Забикулинге арналған сериал түсіріліп жатыр

18 Шілде 2023, 12:44
558
Бөлісу:
Өрттен құтқарам деп қаза болған Забикулинге арналған сериал түсіріліп жатыр
VIDEO
Фото: Astana TV

«Қаһарман» деп аталатын сериал күнделікті өртпен арпалысып жүрген барша өрт сөндірушілерге, құтқарушыларға, ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулинге арналады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы марқұм Асқар Забикулиннің жұбайы Анель Забикулина Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.

Қазір «Қаһарман» сериалының түсірілімі жүріп жатыр. Ол Асқарға, сондай-ақ күнделікті өз өмірін тәуекел етіп, өртпен күресетін құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге арналады. Бүгін түсірілім тобы Астанаға келіп, жұмысқа кірісіп кетті. Әрине, біз барлық процесті өз көзімізбен көру мүмкіндігін жіберіп алғымыз келмеді. Бірден айтайын, фильм түсіру - оңай шаруа емес. Біз алаңда бес сағаттай болдық. Түсірілімге дайындық, бірнеше дубль түсіру, ракурс, жарық таңдау, өтіп жатқан адамдарды жіберу - бұл бір көріністі түсіру кезінде көрген қиындықтың аз ғана бөлігі. Барлық түсірілім тобына жасап жатқан еңбегі үшін алғысымды айтамын. Сериал барлығына ұнайды деп ойлаймын, - деді Анель.

Еске салсақ, өткен жылдың 16 қарашасында елордадағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Өрт сөндіруге барған жасақтың ішінде Асқар Забикулин де болды. Ол бірнеше адамның өмірін аман алып қалып, өзі денесінің көп бөлігін күйік шалып, жансақтау бөліміне түседі. 

Өкінішке қарай, бірнеше күннен кейін Асқар Забикулин қайтыс болды. 

Өрт сөндірушінің ерен ерлігіне барша қазақстандық тәнті болды. 

Қазір Астанадағы ТЖД бөлімшелердің біріне батырдың есімі берілді. 

Сондай-ақ Астанада Забикулиннің атына көше берілді. 

Бұдан бөлек ол «Жыл адамы» байқауында «Алтын адам» премиясының лауреаты атанды.

Өзгелердің жаңалығы