«Ортеке» Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілмек

14 Маусым 2022, 22:56
2599
Бөлісу:
«Ортеке» Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ортеке» ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілмек

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық комитет сарапшыларының қатысуымен ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне қазақтың халық биі «Ортекені» енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Қазақтың халық биі «Ортекенің» қуыршақ теке, бишілер тобы, жеке биші орындайтын 3 түрі бар. 

Бейнероликте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этноансамблі мен SHOLPAN KORGANBEK өнер студиясының жас музыканттары орындаған қуыршақ-теке нұсқасы ұсынылған.

Өзгелердің жаңалығы