Орташа жас 20-35: Алматыда қылмыс жасайтындар саны азаймай тұр

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны да өршіп тұр.

Бүгiн 2026, 11:22
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 11:22
Бүгiн 2026, 11:22
108
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматыда қылмыстық әлемге тартылатындардың орташа жасы 20-35 аралығында. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Сұлушаш Досболова мәлімдеді.

Қылмыс санының төмендеуі байқалады деп айта алмаймын. Себебі қылмыс жасаған 20-35 аралығындағы адамдардың саны өсіп жатыр, дейді Сұлушаш Досболова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Оның сөзінше, қылмысқа қатысы бар кәмелетке толмағандардың да саны өсіп жатыр. Яғни 18 жасқа толмаған балалар да көптеп қылмыс жасап жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін Сұлушаш Досболова кәмелетке толмағандардың есірткі қылмыстары үшін қандай жауапкершілікке тартылатынын және ата-аналар баласының қауіпті ортаға араласқанын қандай белгілер арқылы байқай алатынын түсіндірген болатын

Наверх