Орталық касса мереке күні де жұмыс істейді

23 Тамыз 2023, 21:00
792
Бөлісу:
Орталық касса мереке күні де жұмыс істейді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

Алдағы 30 тамызда яғни, Конституция күніне байланысты елімізде демалыс күні болғанына қарамастан CTS Орталық кассасы жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндай шешім оқу жылы басталғанға дейін мектеп көлік картасын рәсімдеп үлгеру үшін қабылданды.

Еске сала кетейік, елордада қала және Астана қаласы маңында тұратын оқу орындарының (мектеп, колледж, университет) 18 жасқа дейінгі оқушыларына тегін жол жүру мүмкіндігі бар. Ол үшін мектеп көлік картасы болуы керек және оны автобус салонында валидациялау қажет.

Касса сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді.

Орталық кассаның мекенжайы: Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1.

Жексенбі – демалыс.

Өзгелердің жаңалығы