Орталық Азияны цифрлық хабқа айналдыруға бағытталған форум басталды

Алматыда GITEX AI Kazakhstan форумы өз жұмысын бастады.

 ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина Бүгiн 2026, 14:19
Бүгiн 2026, 14:19
81
Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

GITEX AI – әлемдегі ең ауқымды технологиялық және стартап іс-шараларының бірі. 4–5 мамыр күндері өтетін бұл форум Орталық Азия мен Кавказды цифрлық хабқа айналдыруды мақсат етеді.

Іс-шараға 60 елден келген 150-ден астам сарапшы қатысып жатыр. Халықаралық ірі компаниялар жасанды интеллект, финтех және киберқауіпсіздік бағытындағы тәжірибесін бөліседі.

Форум жаңа технологиялық жобаларды дамытуға, шетелдік серіктестермен байланыс орнатуға және инвестиция тартуға жол ашады.

Наверх