Орталық Азиядағы жоғары білім беру кеңістігінің даму перспективалары талқыланды

6 Қазан 2022, 14:25
1426
Бөлісу:
Орталық Азиядағы жоғары білім беру кеңістігінің даму перспективалары талқыланды

Бұл туралы бүгін елордада  Болон процесінің бақылау тобы (BFUG) өкілдерінің қатысуымен  өткен Орталық Азия жоғары оқу орындары ректорларының конференциясында сөз етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Білім министрліктерінің өкілдері, Орталық Азия елдеріндегі жоғары оқу орындарының ректорлары, Еуропа Кеңесі, Quacquarelli Symonds (QS), UNESCO, BFUG және Латвияның академиялық ақпараттық орталығы сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашып, Орталық Азиядағы жоғары білім беру кеңістігін құрудың негіздерінің қалай қаланғанын айтты.

Біз Орталық Азиядағы жоғары білім беру кеңістігін студенттер мен жоғары оқу орындарының академиялық құрамы оқу, білім, тәжірибе алмасу, зерттеулерге қатысу үшін кедергісіз қозғала алатын еркін аймақ ретінде көреміз. Биыл Қазақстан шетелдік азаматтарға арналған стипендиялық бағдарлама шеңберінде Орталық Азия білім беру кеңістігіне кірген елдердің азаматтарына 186 грант бөлді, – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

 Аида БАТЫРБЕКҚЫЗЫ

Өзгелердің жаңалығы