Орталық Азиядағы ең қонақжай ел анықталды

24 Ақпан 2023, 21:26
2909
Бөлісу:
Орталық Азиядағы ең қонақжай ел анықталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Әлемнің ең қонақжай елдерінің топ-25 тізіміне Өзбекстан енді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Passport Index жыл сайынғы рейтингі азаматтардың елге визасыз кіруін ескереді. Өзбекстан рейтингте 25-орын алып, Орталық Азияның ең қонақжай елі атанды.

Рейтингке сәйкес, әлемнің 139 елі Өзбекстанға визасыз келе алады немесе оны келген соң ала алады.

Орталық Азия елдерінің арасында Тәжікстан 49 орында (87 мемлекеттің азаматтары визасыз келе алады), Қырғызстан – 53 орында (80 ел), Қазақстан - 54-орында (77 ел).

Бұл тізімде 22 мемлекет көшбасшы, олардың басым бөлігі Африка құрлығында орналасқан (Нигерия, Эфиопия, Габон, Руанда, Джибути және т.б.). Мальдив, Камбоджа мен Комор аралдары да бірінші орында. 198 мемлекеттің азаматтары осы елдерге визасыз бара алады.

Рейтингі Түрікменстан, Ауғанстан мен Солтүстік Корея түйіндеп тұр – бұл елдерге визасыз кіруге рұқсат жоқ.

Өзгелердің жаңалығы