Орталық Азияда зорлық-зомбылық құрбандарының 80%-ы - әйелдер

16 Қазан 2023, 14:39
1081
Бөлісу:
Орталық Азияда зорлық-зомбылық құрбандарының 80%-ы - әйелдер
Фото: автордан

Алматыда Орталық Азия елдері әйелдерінің диалог алаңында «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Конференцияға БҰҰ өкілдері, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Парламенттерінің депутаттары, қатысушы елдердің мемлекеттік органдарының басшылары қатысты. 

Орталық Азияда зорлық-зомбылық құрбандарының 80%-ы - әйелдер

Соңғы басқосу осыдан екі жыл бұрын Өзбекстанда өткен еді. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін әлем одан жақсарып кетпеді. Керісінше, жаһандық мәселелер көбейіп, көршілес елдер арасында қақтығыс болды. Дегенмен бұндай жағдайда әйелдер мен балалардың қиналатынына көзіміз жетті. Біз диалогта көтеретін негізгі мәселелер бар. Бұл – ең алдымен, әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі. Екіншісі – аймақтық ынтымақтастық. Үшіншісі – гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, яғни әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес. Өкінішке қарай, бұл мәселе бүкіл әлемде өте өткір болып отыр. Әйелдерді климаттың өзгеруі жағдайындағы проблемалардан қалай қорғауға болатындығы туралы мәселе өте маңызды. Сондай-ақ инновациялар мен технологиялардағы әйелдердің рөлі қосылды, – дейді БҰҰ Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясы жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Каха Имнадзе.

Орталық Азияда әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық жиі кездеседі. Шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, барлық Орталық Азия елінде сексуалдық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 80%-ы – әйелдер мен қыздар.

Өзгелердің жаңалығы