Орталық Азияда әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған

27 Маусым 2023, 14:21
1101
Бөлісу:
Орталық Азияда әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда ЕО мен БҰҰ гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Орталық Азия Альянсы құрылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл инновациялық бастама гендерлік зорлық-зомбылықпен күресуге және бір мезгілде гендерлік теңдікке қатысты тұрақты даму саласындағы 5 мақсатқа бағытталған.

Альянс гендерлік теңдікті ілгерілетуді, азаматтық қоғамды нығайтуды және өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуды мақсат етеді. Іс-шара ЕО, БҰҰ, Орталық Азия елдерінің, дипломатиялық корпустың, азаматтық қоғам ұйымдарының, БАҚ және жастар бірлестіктерінің 70-тен астам өкілі жиналды.

Орталық Азияда әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған

Еуропалық Одақ, Орталық Азия елдері және БҰҰ серіктестері әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрін жою үшін бірлесіп жұмыс істеуде. Біз «Spotlight» бастамасы аясында күш біріктіреміз және жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылықты жою бойынша Орталық Азия Альянсын құрамыз, бұл бәрімізге заманауи және әділ қоғамды қалыптастыруға көмектеседі, - дейді ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас.

Іс-шара барысында қатысушылар атқарған жұмыстарын талқылады. Сондай-ақ әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресте кездесетін өзекті мәселелерді талқылады.

Біз өңірдегі барлық серіктесті гендерлік зорлық-зомбылықты жою үшін осы маңызды күш-жігерге қосылуға шақырамыз. Бірге жұмыс істей отырып, біз ортақ күшімізді қорғаныс тетіктерін нығайту және зардап шеккендерге әділеттілік пен қолдау көрсеткенін қалаймыз. Осы бағытта бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Болашақта нәтижесін береді деген сенімдемін, - дейді БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори.

Орталық Азияда әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған

Орталық Азия альянсы басқа өңірлерде гендерлік теңдік, жаһандық қозғалысқа үлес қосуға бар күш жігерін салмақ.

Өзгелердің жаңалығы