Орталық Азия – Қытай: Саммиттің келесі отырысы қайда өтетіні белгілі болды

17 Маусым 2025, 19:07
424
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бұл туралы “Орталық Азия – Қытай” форматы Хатшылығының бас хатшысы Сунь Вэйдун саммиттен кейін БАҚ өкілдеріне жасаған мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшыларының “Орталық Азия – Қытай” форматындағы тұрақты кездесулер механизміне сәйкес, саммит әр екі жыл сайын кезекпен Қытай мен Орталық Азия елдерінде өтеді. Келесі, яғни үшінші саммит 2027 жылы Қытайда өтеді деп жоспарланып отыр, - деді Сунь Вэйдун.

Оның сөзінше, алты елдің басшылары келесі кездесуді осы форматта өткізуге уағдаласты. Бұл Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынасты үздіксіз дамытуға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы