Бақыт Сұлтанов: Орталық Азиядағы ең ірі серіктесіміз – Өзбекстан

13 Шілде 2021, 13:06
3281
Бөлісу:
Бақыт Сұлтанов: Орталық Азиядағы ең ірі серіктесіміз – Өзбекстан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 4,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халықпен есеп беру кездесуі кезінде айтты.

Олардың ішіндегі ең ірісі – Өзбекстан. Оларға астық және металл өнімдерін экспорттаймыз. Енді машина жасау саласы да қосылып келеді. Біз Тәжікстанға 800 миллион доллардың тауарын жөнелтеміз. Негізінен – бидай, мұнай өнімдері, көмір. Ал Қырғызстанға 562 миллион долларға өнім жеткіземіз. Оларға да сататын тауарларымыз сол Өзбекстан мен Тәжікстанға ұқсас, - дейді Сұлтанов.

Оның айтуынша, Қазақстан Орталық Азия елдерінен негізінен тоқыма, құрылыс материалдары мен маусымдық жемістер мен көкөністерді импорттайды.

Мысалы, Өзбекстан мен Тәжікстаннан шыққан шие келеді. Бұл жеміске сұраныс бар, алдағы уақытта да бола береді. Бұл кезеңде бізде әлі шие піспеген. Бұл көршілерден маусымаралық кезеңде ерте өнімдерді жеткізу туралы. Күзде оларды біздің өніммен қамтамасыз ету керек, - деді министр.

Ол қазақстандық кәсіпкерлер өнімді жеткізуге қатысты көрші елдердегі келіссөздерге барғанын атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы