Ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихын қайта жаңғырту көзделіп отыр – Аида Балаева

14 Наурыз 2024, 20:07
358
Бөлісу:
Ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихын қайта жаңғырту көзделіп отыр – Аида Балаева
Фото: Арман Мухатов - архив

Атырау облысындағы ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихы қайта жаңғыртылып, халықаралық деңгейде насихатталады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде елімізде аспан астындағы 12 музей бар. Соның бірі – Сарайшық музей-қорығы.

Сарайшық – қазақ даласындағы ең көне қаланың бірі. Музейдің айналасында зираттар бар. Сүйектер шашылып жатыр. Мұның бәрін тазалау, реттеу жергілікті әкімшіліктің назарында болады. Бұл жұмыстар аяқталған соң, 2025 жылдан кейін бірлескен экспедиция жұмысын бастаймыз. Бір ай бұрын Сарайшық музей-қорығының ұжымымен кездесіп, халықаралық деңгейде таныту мәселесін талқыладық. Бакудегі түркі әлемінің мәдениетін дамыту қоры аясында бірлескен экспедиция ұйымдастыру, Сарайшық қаласын қайта жандандыру мәселесін қарастырамыз, - деді Аида Балаева.

Өзгелердің жаңалығы