Орта Азия елдері арасындағы сауда айналым 6,5 млрд долларға жетті – Үкімет басшысы

16 Маусым 2022, 10:22
1552
Бөлісу:
Орта Азия елдері арасындағы сауда айналым 6,5 млрд долларға жетті – Үкімет басшысы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Алматыда өтіп жатқан Орталық Азия елдерінің екінші өңірлік саммитінде айтты.

Саммит барысында премьер-министр Орталық Азия елдерінің көп ғасырлық ортақ менталды жақындығы, тығыз мәдени байланысы тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыруға септігін тигізіп жатқанын атап өтті. 

Әлемдегі геосаяси жағдайлар мен пандемиядан кейін туындап отырған мәселелер өңірдегі тұрақты дамуды жалғастыру үшін байланысты нығайтуды қажет ететінін көрсетіп отыр. Өңірдегі әріптестік басым бағыттардың бірі болып қала береді, яғни өндіріс, машина жасау, ауыл шаруашылығы және өзге де сала бойынша. Халықаралық экономикалық институттардың дерегінше, Орта Азия елдері арасындағы сауда айналым 6,5 млрд долларға жетіп отыр. Бізде әріптестікті одан әрі жетілдіруде алғышарттары бар. Елдер арасындағы сауда айналымын кеңейте түсу қажет. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне қол жеткізуді жақтайды, мұның дәлелі ретінде ұлттық даму стратегиялары мен бағдарламаларға Тұрақты даму мақсаттарының индикаторларының енгізіліп отыр. Елімізде қабылданған міндеттемелерді жүзеге асыру үшін, Тұрақты даму мақсаттары бойынша үйлестіру кеңесі жұмыс істейді, - деді ол.

Премьер-министрдің айтуынша, жаһандық экономикадағы терең құрылымдық өзгерістер аясында, ұлттық экономикалық даму саясатын орта мерзімді кезеңге бейімдеу қажет болды.

Осыған байланысты біз бизнес-қауымдастық пен халықаралық ұйымдар сарапшыларының белсенді қатысуымен Жаңа Қазақстанның экономикалық саясатын әзірлеуге кірістік. Осы құжат аясында инвестициялық ахуал мен бизнес-ортаны жақсарту, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту, инновациялар мен баламалы энергияны енгізу, жасыл қаржыландыруды кеңейту бойынша жаңа шаралар әзірленіп жатыр, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы