Өрт сөндірушілер өрт кезінде үш газ баллонын алып шығарды

2 Мамыр 2024, 14:41
294
Бөлісу:
Өрт сөндірушілер өрт кезінде үш газ баллонын алып шығарды
PHOTO
Фото: ТЖМ

Алматы облысы Талғар ауданындағы мейрамханалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сілтеме жасап.

Жалын тек қоймаларды ғансонымен қатар жақын маңдағы сауда орындарын да шарпыды.

Өрт сөндірушілер келісімен ауа-газ қоспасының екі тарсылын естіді. Сондықтан өрт сөндіру бөлімшесінің құтқарушылары өрттің таралуына жол бермей, ошақтан көлемі 50 литр 3 газ баллонын алып шықты.

Өрт сөндірушілер өрт кезінде үш газ баллонын алып шығарды

Өрт толығымен сөндірілді. Оның ауданы 165 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Себебін анықтаушылар анықтайды.

Өзгелердің жаңалығы