Өрт сөндіруші: Түтін - өрттен де жаман

17 Қазан 2020, 11:52
1613
Бөлісу:
Өрт сөндіруші: Түтін - өрттен де жаман

Алматы, BAQ.KZ. Азаматтық қорғау полковнигі Валерий Даус 25 жылдан бері Алматы қаласы ТЖ департаментінде  жедел кезекші болып қызмет атқарып келеді.

Валерий Арнольдович Даус тәжірибелі маман, ол өз ата-анасының кәсібін адал жалғастырып келеді. Өрт сөндіру қызметінде оның әкесі Арнольд Эрихович пен анасы Зинаида Алексеевна қызмет атқарған. 

Валерий Арнольдовичтің ағасы Геннадий да Көкшетау қаласында өрт сөндіруші мамандығы бойынша оқыған, бірақ, денсаулығына байланысты қызметтен босатылған.

1995 жылы Валерий Даус Горный Гигант ауданында орналасқан ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесіне оқуға түсіп, 1998 жылы аяқтап шығады. Көкшетау техникалық институтына оқуға түсіп, жоғары білім туралы диплом мен өрт қауіпсіздігі инженері біліктілігін қоса алып шығады.

Валерий еңбек жолын өрт сөндіру бөлімшесінің қарауылы болып бастап, кейіннен бөлімше бастығының орынбасары болып ауысады. Жылжыған жылдармен бірге тәжірибе де жинақталады. Қазіргі уақытта Валерий Даус Алматы қаласы бойынша Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі қызметін атқарады.

Өрт сөндіруші: Түтін - өрттен де жаман

Маманның айтуынша, өзінің қызмет атқарған жылдарында ірі өрт пен қатар кіші өрттің де куәсі болғанын, оның ішінде, ең ірі өрт есебінде есінде қалғаны былтыр жаз айында Жетісу ауданында лак-бояу өнімдері қоймасында болған өрт. Сол күні мен кезекшілікте болдым, 7 сағат 45 минутта өрт шыққаны туралы бізге хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келгенде қоймалар арасындағы 3 ыдыста әрқайсында 3 тоннадан астам ацетон сақталғаны анықталды. Бояу жерге ағып, жанып жатты, ыдыстар ысып кеткендіктен қызыл жалын өршіп кетті. 

Бірақ біз өртті сөндіріп үлгердік. Егер біз өрт оқпандарын дер кезінде беріп, ыдыстарды салқындатпағанда үлкен жарылыс болып, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жапа шегетін еді деп еске алды Валерий Арнольдович.

Қауіп-қатерге біртіндеп үйреніп аласың, ең қауіпті деген жерге шығып кету де қорқынышты болмай қалады. Түтін - өрттен де жаман, болжам жасай алмай қаласың, ал температура нормадан асып, жоғарылаған кезде, адам жайлап өліп кетуі де мүмкін. Осындай жағдайларда техника қауіпсіздігін білу жүздеген өрт сөндірушінің өмірін сақтап қалады. Кез келген жағдайда әрбір өрт жауынгері жатқа білетін өзінің нұсқаулықтары бар. Өрт - кез келген су тасқынынан да қауіпті, біз әрқашан тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерінің қарапайым шараларын сақтауға шақырамыз, - деп атап өтті Валерий Даус.

Өзгелердің жаңалығы