Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 8 қаңтарда Шымкент қаласы Бозарық-2 елді мекенінде тұрғын үй мен оған жапсарлас соғылған бастырмадан өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 08:11-де келіп түсті.
Өрттің жалпы көлемі 21 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 08:42-де оқшауланып, сағат 08:57-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД жеке құрамнан 20 қызметкер мен 4 өрт сөндіру техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.
Өрт сөндіру кезінде бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Ойбек Нұрғалиев сыйымдылығы 50 литр газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып, болуы мүмкін жарылыстың алдын алды.
Шымкент қаласы ТЖ департаменті азаматтарға жылу беру маусымында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді. Жеке тұрғын үй секторларында қатты отынмен жағылатын пештерді және электр жылытқыштарды қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударыңыздар!