Санкт-Петербургтегі ауруханада өрт шықты, қаза тапқандар бар

12 Мамыр 2020, 11:27
1739
Бөлісу:
Санкт-Петербургтегі ауруханада өрт шықты, қаза тапқандар бар
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санкт-Петербургтегі қасиетті Георгий ауруханасында өрт шықты.

6-қабаттағы реанимация бөлімі, яғни коронавирусқа шалдыққан науқастар жатқан бөлімнен өрт шыққан. Бұл туралы Mash, жазды.

Коронавирустан емделіп жатқан бес науқас көз жұмды. Олар тыныс алдыру аппаратына қосулы болған.

Ем алып жатқан 16 адам болған. Абырой болғанда қалған науқастарды дәрігерлер құтқарып үлгерген. Ғимараттан 150 адам эвакуацияланған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы