Орнықты даму мақсаттары кедейлікті жоюға бағытталған – Жанназарова

12 Қыркүйек 2023, 13:39
673
Бөлісу:
Орнықты даму мақсаттары кедейлікті жоюға  бағытталған – Жанназарова

Бұл туралы БҰҰ Тұрақты Даму саммиті қарсаңында өткен брифинге Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-інші сессиясы шеңберіндегі Орнықты даму мақсаттары бойынша саммит қарсаңында жиналып отырмыз. Бұл саммит Орнықты даму мақсаттарының жеделдетілген прогресінің жаңа кезеңінің басталуын белгілейді. Өздеріңіз білетіндей, орнықты даму мақсаттарының тарихы 2015 жылдың 25 қыркүйегінен басталады. Дәл сол кезде БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде әлемдік көшбасшылар 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму күн тәртібін қабылдады, - деп айтты ол.

Нұргүл Жанназарова атап өткендей, Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың қатысушысы бола отырып, 2030 жылға дейінгі кезеңге орнықты даму саласындағы күн тәртібінде қойылған сұрақтарды орындау бойынша өзіне міндеттемелерді қабылдады.

2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты күн тәртібі кедейлікті жоюға, теңсіздікпен күресуге, сондай-ақ климаттық өзгеруіне байланысты мәселелерді шешуге бағытталған 17 орнықты даму мақсатынан тұрады. Біз халықаралық серіктестеріміздің қолдауын жоғары бағалаймыз. БҰҰ-ның қолдауымен 2020-2021 және 2025 жылдарға арналған орнықты даму мақсатында ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Қазақстан орнықты даму қағидаттарын ұлттық бағдарламалар мен стратегияларға интеграциялаудың жоғары деңгейінің арқасында орнықты даму мақсаттарын іске асыру процесін жеткілікті, жақсы бастапқы позициядан бастады, - деді Нұргүл Жанназарова.

Өзгелердің жаңалығы