Ормуз бұғазында минаға жарылған танкер өртенді

Иран Әскери-теңіз күштерінің мәліметінше, кеме қозғалысқа тыйым салынған аумақпен жүріп, ескертулерге құлақ аспаған.

 Al Jazeera 7 Қараша 2026, 20:18
7 Қараша 2026, 20:18
102
Фото: Al Jazeera

Ормуз бұғазының шығыс бөлігінде минаға жарылған танкерден өрт шықты. Бұл туралы Иран Әскери-теңіз күштері хабарлады.

«Әл-Жазира» телеарнасының мәліметінше, Иран тарапының мәлімдеуінше, кеме бұғаздың қозғалысқа тыйым салынған бөлігімен өткен. Сонымен қатар оның навигациялық жүйелері өшіріліп, экипаж бірнеше рет жасалған ескертулерге құлақ аспаған.

Жарылыс салдарынан танкер қозғалыссыз қалған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Наверх