Орман тұқымбағында күзгі жер жырту жұмыстары басталды

2 Қыркүйек 2020, 13:48
3568
Бөлісу:
Орман тұқымбағында күзгі жер жырту жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты "Жасыл белдеу" КММ аумағының тұқымбағында күзгі жер жырту жұмыстары басталды.

Орман тұқымбағында алмұрт ағашының және тау пістесінің (фисташки) тұқымын жинау, тұқымды тазалау, кептіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қарағаш, жиде, легустра егілген алқапты арамшөптерден тазарту, суғару, қопсыту жұмыстары қолға алынды, - деп хабарлады Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.
11 гектар аумақтағы Шымсая шатқалында ағаш көшеттерін суғару жұмыстары тұрақты атқарылуда.
Өзгелердің жаңалығы