Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы өседі

18 Қыркүйек 2023, 16:07
802
Бөлісу:
Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы өседі
Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Штаттан тыс орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы өспек, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 шілдеден бастап орман шаруашылығы салсындағы штаттық қызметкерлердің жалақысы "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес көтерілген.

Қосымша үстемақы штаттық қызметкерлерге қарастырылған. Себебі мүдделі мемлекеттік органдармен келісу барысында қаулы ережелеріне сәйкес штаттан тыс қызметкерлерге үстемақы тағайындау мәселесі қолдау таппады. Өйткені, олар сала мамандары емес. Сонымен қатар министрлікте жүргізілген мемлекеттік сатып алу мониторингінің қорытындысы бойынша 853 млн теңге көлемінде үнемделген сома анықталды. Осыған байланысты, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев аталған қаражатты 1 шілдеден бастап жалақысы көтерілгендер санатына кірмеген қызметкерлердің еңбегіне қосымша ақы төлеу үшін пайдалануды тапсырды, үстемақы 4 539 қызметкерге тағайындалмақ, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, аталған қаражат Министрліктің бекітілген бюджеті аясында бастапқыда жоспарланған нәтижелерді өзгертпей, өткізілген Мемлекеттік сатып алу қорытындыларын қайта қарастыру есебінен бөлінді.

Өзгелердің жаңалығы