Орман өрті: Күресу жолдары қандай

27 Наурыз 2024, 17:15
348
Бөлісу:
Орман өрті: Күресу жолдары қандай
Фото: pixabay.com

Ертіс өңірінде дала өртімен тиімді күресу мақсатында орман қоры аумағында қызыл жалынды ерте анықтау жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Заманауи жүйе сәуірде қосылмақ. Былтыр мемелкеттік орман қорының аумағында 200-ден астам өрт тіркелген. Тілсіз жау орманды алқаптың 1146 гектарын шарпыды.

Өрттің негізгі себебі - найзағай разрядтары мен дала өрттерінің орман қорының аумағына өтіп кетуі. Биыл өңірде өрт қауіпті кезең сәуір айында басталады. Жергілікті орман қорғау мекемелері өрт кезеңіне дайындықты күшейтті. Атап айтқанда, 600 метірлік минералданған жолақ, 395 аншлаг орнатылды. Сонымен қатар, жанар-жағармай қоры жасақталды. Былтыр орман қорындағы өртті сөндіруге арналған су аудындарына тоқталатын болсақ, «Баянауыл» табиғи паркінде 4 табиғи және 9 жасанды су айдыны бар. Ал «Ертіс орманы» табиғи қорына жақын жатқан ауылдарда жерасты техникасы су алу үшін тереңдігі 2-2,5 метрден аспайтын жасанды және әуе көлігімен су алуға арналған бір көл бар. Өткен жылы осы нысандардың тереңдету жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі қарастырылды, - дейді облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармамының басшысы Айгерім Қабылтаева.

Қазіргі уақытта «Ертіс орманы» резерватында 23 тірек бағанасы дайын. Жүйеде орнатылған бейнекамерамен жабдықталған тепловизор найзағай разрядын бірден анықтауға қауқарлы. Мұнара 127 гектардан астам орманды аумақты бақылап, 20 шақырымдық жердегі түтінді де жылдам анықтайды. Облыс аумағында 57 өрт бекеті жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы