Орман өрті: Бұлақ ауылының тұрғындары үйлеріне қайтарылды

14 Маусым 2023, 22:27
890
Бөлісу:
Орман өрті: Бұлақ ауылының тұрғындары үйлеріне қайтарылды
Фото: inform.kz

Семей қаласының Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Қазір жағдай тұрақталды, биліктің толық бақылауында, - деп жазылған хабарламада.

Тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды.

Бұлақ ауылынан барлығы 117 адам, оның ішінде 50 бала эвакуацияланған.

Өзгелердің жаңалығы