Орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді сатып алу көлемі артты

15 Қазан 2022, 16:02
689
Бөлісу:
Орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді сатып алу көлемі артты

Қазақстанда бүгінде 62 орфандық (сирек кездесетін) аурулар бойынша 92 дәрілік затпен тегін қамтамасыз ету жүзеге асырылуда,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Денсаулық сақтау министрлігі жедел лимфобластикалық лейкемия, созылмалы миелоидты лейкемия; Берардинелли-Сейптің туа біткен жалпыланған липодистрофиясы; жұлын бұлшықет атрофиясы; нейробластома және сирек және эпилепсияның фармакорезистентті нысандары сияқты диагноздары бар орфандық аурулары бар пациенттерді тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін кеңейтті. 

Белгілі аурулар бойынша (Кистоздық фиброз (Муковисцидоз), шашыраңқы склероз, Дюшенн бұлшықет дистрофиясы, Туберкулез) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесінде 4 дәрілік заттармен толықтырылды. Соңғы 4 жылда орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді қаржыландыру 2,3 есе өсті.

Өзгелердің жаңалығы