«Ордабасы» ел чемпионатына қатыспайды

17 Қаңтар 2022, 11:15
1240
Бөлісу:
«Ордабасы» ел чемпионатына қатыспайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ордабасы» клубы қаржы тапшылығына байланысты ел чемпионатына  қатыспайды. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты мәлімдеді.

Бірақ клуб басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Клуб ойыншылардың жалақысын ұзақ уақыттан бері кешіктіріп келеді, оның салық органдарына да орасан мол қарызы бар.

«Ордабасы»  қатыса алмаса, оның орнына «Оқжетпес» өнер көрсеткісі келеді. Алайда көкшетаулық клубтың да жағдайы  мәз емес.

Сондай-ақ «Қайсар» да шымкенттік команданың орнына келуі мүмкін.

Клубтың салық ұйымдары алдында бірнеше айдан бері берешектері жиналып қалған. Сонымен қатар, айлық мәселесінде де қиындықтар туындап отыр. Енді шымкенттіктердің орнына қарыздарынан қысқа уақытта толық құтылғысы келетін «Оқжетпес» клубы премьер-лигада ойнауы мүмкін. Ордабасының орнына қызылордалық «Қайсар» да шығуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы