Ордабасы ауданында ескірген электр желілері жаңартылып жатыр

19 Сәуір 2022, 18:56
1959
Бөлісу:
Ордабасы ауданында ескірген электр желілері жаңартылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Ордабасы ауданына 2021 жылы облыстық бюджеттен жалпы құны 588 млн 126 мың теңге қаралып, 21 елді мекеннің электр желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. 

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 2 (Ақбұлақ, Мамыр) елді мекеннің электр желілерін жаңарту жұмыстары бойынша қаржы бөлуге ұсыныс берілді.

Былтыр «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан инвестициялық бағдарлама жобасы аясында 29 шақырым электр желісі мен 6 дана трансформатор жаңартылса, 2022 жылға 26,3 шақырым электр желісі мен 7 дана трансформатор жаңартылмақ. Тұрғын көп шоғырланған Шұбарсу елді мекенінің электрлендіру 5 кезең бойынша жүргізілуде. 2021 жылы жобаның 1-2 кезеңі бойынша жұмыстың 95 пайызы аяқталып, 13 массив, 2390 абонент сапалы электр жарығымен қамтылды. 2022 жылдың соңына дейін 11 мың абонент сапалы электр желісімен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Былтыр 13 шақырым көшеге 414 дана жарықтандыру құралдары орнатылды. Атап айтсақ, Темірлан, Шұбарсу, Жеңіс, Жамбыл, Бөген ауылдарындағы бірқатар көше жарықтандырылған. Биыл да бұл жұмыс жалғасып, аудан аумағындағы 31,4 шақырым көшеге жарықтандыу құралдарын орнату жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы