Ордабаев Қазақстанда халықты жұмыспен қамту шаралары туралы айтты

25 Қараша 2022, 18:46
1065
Бөлісу:
Ордабаев Қазақстанда халықты жұмыспен қамту шаралары туралы айтты
PHOTO

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, ол биылғы жылдың 10 айында Қазақстанда 764,8 мың адам жұмысқа орналастырылғанын хабарлады.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 10 ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде 230 мың, оның ішінде құрылған жұмыс орындарына – 47,1 мың, субсидияланатын жұмыс орындарына – 161,5 мың адам жұмысқа орналастырылды, 21,4 мың адам грант алды. 

Бос жұмыс орындарына – 273,5 мың (оның ішінде 9,7 мыңы – жеке бастамалар шеңберінде), Мемлекет басшысының 10 мың халыққа 100 жұмыс орнын құру жөніндегі бастамасын іске асыру шеңберінде (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер арқылы жұмысқа орналастыру) – 261,3 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Ордабаев 10 ұлттық жобаның ішінде ең көп, яғни 184,9 мың жұмыс орны кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде құрылғанын атап өтті.

Ордабаев Қазақстанда халықты жұмыспен қамту шаралары туралы айтты

Ұлттық жобалардың маңызды бағыттарының бірі 161,5 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ететін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құру арқылы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болып табылады. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 14 мың, жастар практикасына – 27,2 мың, қоғамдық жұмыстарға – 113,5 мың, «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына – 4,1 мың, «Күміс жас» жобаларына – 2,5 мың адам қатысты, – деп атап өтті вице-министр.

Субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылған 161,5 мың азаматтың 36%-ын жастар құрайды.

Сондай-ақ, вице-министр келесі жылы жастардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытудың жаңа құралы, яғни жеңілдетілген 2,5%-дық микрокредиттеу пайда болатынын айтты. 2023 жылы 5,8 мың жасқа микрокредит беру жоспарлануда.

Мемлекет жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мәселелеріне ерекше назар аударады. Жыл сайын «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Жеңілдікпен кредиттеу» және «Дипломмен ауылға» бағдарламалары сияқты жобаларды іске асыру шеңберінде республика бойынша 100 мыңға жуық жасты нәтижелі жұмыспен қамту жоспарлануда, – деді Олжас Ордабаев.

Ордабаев Қазақстанда халықты жұмыспен қамту шаралары туралы айтты

Халықты белсенді жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің тағы бір құралы оқу орталықтарында да, жұмыс орнында да жұмыс берушінің қажеттіліктеріне қысқа мерзімді оқыту болып табылады. Яғни, қазақстандықтар жаңа мамандық алып, оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналаса алады. Жыл басынан бері 35,2 мың адам оқытылды.

Брифинг барысында Олжас Ордабаев кәсіби бағдар мен дағдыларды игеруден бастап, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және еңбек қатынастарын ресімдеуге дейінгі жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің супермаркетіне айналған Электрондық еңбек биржасында ұсынылатын мүмкіндіктердің кең ауқымы туралы айтты.

Бизнестің ұлттық жобалары мен жеке бастамалары шеңберінде құрылатын барлық жұмыс орындары Электрондық еңбек биржасында орналастырылады. Бұл платформа жұмыс іздеудің де, жұмысшыларды іздеудің де бірыңғай алаңына айналды. Қазір ЭЕБ-ға жұмыс берушілерден 106,7 мыңнан астам бос жұмыс орны және ізденушілерден 134,8 мыңнан астам түйіндеме ұсынылды. Жыл басынан бері Электрондық еңбек биржасы арқылы 445,1 мың адам жұмыс тапты, – деді Олжас Ордабаев.

Өзгелердің жаңалығы