Оразаға медициналық тұрғыдан да дайындалған абзал – дәрігер

6 Наурыз 2024, 15:51
574
Бөлісу:
Оразаға медициналық тұрғыдан да дайындалған абзал – дәрігер
Фото: Аймақтық коммуникация қызметінен

Ертіс өңірінің дәрігерлері Ораза ұстауға психологиялық тұрғыдан ғана емес, медициналық тұрғыдан дайындалуға кеңес береді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Павлодар қалалық №5 емхананың дәрігер-терапевті Ақмарал Сыйлыбаеваның айтуынша, ауыз бекітуге бел бумас бұрын медициналық тексеруден өткен жөн. Сонда ғана өз денсаулығына сенімді болып, мұсылмандық парызын еш қиындықсыз өтей алады.

Түнгі уақытта ас ішу кезінде ағзаның ферментті жүйесі белсенділігін жоғалтады. Ал адам тамақтану кезінде асты мөлшерінен асыра қабылдауы мүмкін. Салдарынан ас қорыту жүйесінің сапасы төмендейді. Бұл өз кезегінде түрлі аурулардың асқынып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан, сәресін өткізіп алмау маңызды. Ағзаны қажетті дәрумендермен қамтып, күш-қуатын ұзаққа сақтайды. Кем дегенде әр сегіз сағат сайын тамақтанған абзал. Ораза ұстауды пайдасы зор. Адам салмақ тастып, ағзадағы холестирин дейгейін азайтады. Қан қысымын нормаға келтіріп, қант диабеті сияқты ауруларды алдын алады, - дейді терапевт.

Медициналық тілмен айтқанда адам ағзасында "детокс" пайда болады. Себебі, денедегі токсиндер мен өзге зиянды заттар жойылады. Нәтижесінде Оразаның бірнеше күні өткен соң эндорфин көлемі артып, менталды денсаулық жақсара түседі.

Ораза ұстау жауапкершілікті талап етеді. Егер адам өз денсаулығына сенімді болмаса, қан, дәрумендерге байланысты талдамалар тапсырған жөн. Мамандардың кеңесіне жүгініп, сөзіне құлақ түру керек. Кінәраттар анықталса, емделіп алған жөн, - дейді маман.

Өңірде 107 мешіт бар. Алла үйлері қасиетті айда мүмкіндігінше ауызашар өткізуді жоспарауда. Сонымен қатар, "Рамазан тәттісі", "Рамазан сыйы", "Жомарт жұма" акциялары да өтеді.

Өзгелердің жаңалығы