Оралов Шавкат Рахмоновты жеңісімен құттықтады

5 Наурыз 2023, 15:28
908
Бөлісу:
Оралов Шавкат Рахмоновты жеңісімен құттықтады

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов файтер Шавкат Рахмоновты жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жеңісті жорығы жалғасып жатыр. Бүгін жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы Джефф Нилді мерзімінен бұрын жеңді. Айта кету керек, жекпе-жек алдында америкалық дивизион рейтингінде 7-ші орында тұрған еді. Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Шавкат қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді, – деді министр.

Шавкат Рахмонов UFC-де бесінші, кәсіби мансабында он жетінші жеңіске қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы