Оралдағы орталық базар ауданында жас жігітті өлтіріп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Мой Город» басылымының мәліметінше, 19 жастағы күдікті қолға түскен.
19 мамырда 4:22-де белгісіз біреу «Әли» кафесінің маңында 1995 жылы туған азаматқа пышақ жарақаттарын салған. Жәбірленуші алған жарақаттарын ауруханада қайтыс болды. Қылмысты жасады деген күдікпен қабылданған шараларға сәйкес 19 жастағы жігіт ұсталды, - делінген Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствода аталған іс бойынша сәйкес сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.
Полиция департаменті 99-баптың 1-бөлімі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Күдікті Орал полициясы басқармасының изоляторына қамалды.