Оралда тозығы жеткен үйлер сүріліп, жаңасы салынуда

24 Шілде 2019, 08:34
1595
Бөлісу:
Оралда тозығы жеткен үйлер сүріліп, жаңасы салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда осымен үшінші жыл қатарынан мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында ескі үйлер бұзылып, орнына жаңасы тұрғызылып жатыр. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Бүгінде шаһарда апатты деп танылған 40 үйдің 14-і сүрілді. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға коммуникация желілері тартылып, салушы кәсіпорын бұрынғы иелерінің бір бөлігіне осы жерден баспана береді. Ал қалғандарын нарықтағы бағаға сатады. Қазіргі таңда 68 отбасы жаңа қоныстарына көшіріліп, 8 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта қалада өткен ғасырдың 50-60 жылдары салынған барлық үйлер бұзылатын болады.

" 4 үй эксплуатацияға тапсырылды. Қазіргі таңда 8 үйдің құрылысы жүргізілуде. Апатты үйлердің тұрғындары құрылыс уақыты кезінде уақытша баспанаға көшірілген болатын. Жыл аяғына дейін 5 апатты үйді бұзу жоспарланған", - деді қалалық коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясының бөлім меңгерушісі Жұбан Жұмағалиев.


Өзгелердің жаңалығы