Оралда полицейлер ірі көлемде ақша ұрлаған күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Анықталғандай, 6-20 сәуір аралығында 35 жастағы күдікті жәбірленушімен таныс бола отырып, пәтеріне еркін кіріп, жатын бөлмеден ақшаны жасырын түрде қолды қылған.
45 жастағы облыс тұрғынына келтірілген жалпы шығын 1,6 млн теңгеден асады. Оның ішінде ұлттық және шетел валютасындағы қаражаты болған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап, ұрланған ақшаны қарыздарын өтеуге жұмсағанын түсіндірді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, Көкшетауда кафеде бейресми жұмыс істеген жігіт сот арқылы жалақысын өндіріп алды. Ол WhatsApp хаттары арқылы жалақы берешегі мен моральдық өтемақысын өндіріп алды.
Тағы оқи отырыңыздар: Ақтөбеде аулада ойнап жүрген қызды ұрлап кетпек болды: Күдікті бойжеткен ұсталды