Оралда шетелдік тіркеудегі көлік иелерінің мәселесі талқыланды

2 Ақпан 2024, 19:00
484
Бөлісу:
Оралда шетелдік тіркеудегі көлік иелерінің мәселесі талқыланды
Фото: polisia.kz

Оралда мемлекеттік органдардың өкілдері шетелде тіркелген көліктері бар көлік иелерімен оларды заңдастыру мәселелері бойынша кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу ақпанның 2 күні Орал қаласындағы «Достық» үйінде өтті. Оны мемлекеттік кірістер департаменті БҚО полиция департаментімен бірлесе ұйымдастырды.

Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері мен 120-ға жуық көлік иелері қатысып, Қазақстан аумағында шетелде тіркелген автокөліктерді заңдастыру және тіркеуге қатысты түсіндірмелер мен кеңестер берілді.

Жиын барысында қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ. Соңында жиынға қатысушылар тарап кетті. Осы кезде әлеуметтік желілерде Оралда утилизациялық алыммен келіспеген көлік иелерінің  қатысуымен митингі өтіп жатқаны туралы  ақпарат тарай бастады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.  Осыған байланысты полиция көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салып, адамдарды ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады, - делінген хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы