Оралда өртенген гараждан үш адамның мәйіті табылды

26 Сәуір 2023, 07:38
694
Бөлісу:
Оралда өртенген гараждан үш адамның мәйіті табылды
Фото: aikyn.kz

БҚО полиция департаменті Оралдағы гараж өртенгеннен қайтыс болған адамдар туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнынан үш адам табылды. Қазір олардың екеуінің кім екендігі анықталды.

Олар – 1982 жылғы әйел және 2002 жылғы ер адам. Тағы бір ер адамның жеке басы анықталу үстінде. 21 жастағы ер адам гаражды жалға алып, жұмыс істеген. Марқұмдардың мәйіттері сот-медициналық сараптамаға жіберілді, - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 25 сәуір күні кешкісін Оралда гараж өртенген.

Сағат 20.58-де А.Құсайынов көшесі 3-мекенжайында аумағы 30 шаршы метр гараж бен оның ішіндегі «ВАЗ-2121» (Нива) автокөлігі отқа оранды. Содан кейін жалын жеке тұрғын үйдің (42 шаршы метр) төбесін шарпыды. Гараждан үш адамның денесі табылды. Сондай-ақ әрқайсысының сыйымдылығы 50 литр 4 оттегі баллоны шығарылды. «Тілсіз жау» сағат 21.32-де оқшауланып, 22.02-де ауыздықталды. Барлығы 23 адам (7 техника) жұмылдырылды. Қазіргі кезде өрттің себебі, келтірілген шығын, қайтқан адамдардың кім екендігі анықталу үстінде, - деп хабарланған ведомстводан.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға орнында 20 полиция қызметкері жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы