Оралда көпір жөндеп жүрген жұмысшы суға құлап, батып кеткен

7 Тамыз 2024, 11:33
765
Бөлісу:
Оралда көпір жөндеп жүрген жұмысшы суға құлап, батып кеткен

Оралда көпір жөндеу кезінде 47 жастағы жұмысшы өзенге құлап қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, жазатайым оқиға 6 тамыз күні Орал қаласында Шаған өзенінен өтетін жаяу көпірді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде болған.

Абайсызда қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметкері, 1977 жылғы ер адам көпірден суға құлап, батып кеткен. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеді. Қазіргі кезде мән-жайы анықталу үстінде, - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, жаяу көпір биылғы су тасқыны кезінде қираған.

Өзгелердің жаңалығы