Оралда бір үйдің екі баласы бесінші қабат терезесінен құлап кетті

20 Тамыз 2021, 01:41
1480
Бөлісу:
Оралда бір үйдің екі баласы бесінші қабат терезесінен құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 19 тамыз күні М.Жүнісов көшесіндегі бес қабатты үйде болған.

Жергілікті сағат 17.11-де ата-анасының қарауынсыз қалған 6 және 3 жастағы ағайынды екі ұл бала 5-қабат терезінен құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды. Қазіргі мәлімет бойынша олар жабық бас-ми және іш жарақатын алып, милары шайқалған. Жағдайлары ауыр.

Оқиғаны БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі де растаған.


Өзгелердің жаңалығы