Оралда 20 жастағы бала көшеде оқ атты

22 Қараша 2019, 17:32
7878
Бөлісу:
Оралда 20 жастағы бала көшеде оқ атты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер 20 жастағы баланы екі статья бойынша жауапқа тартты. Бұл туралы "Мой ГОРОД" порталы жазды.

Instagram әлеуметтік желісіндегі dvr_zko парақшасында жас жігіт көліктен түсіп, аспанға бағыттап оқ атқан видео жарияланды. Видеоны осы көліктің ішіндегі жолаушы түсіріп отыр. Кейін жігіт көлік отырып, мерекеге орай безендірілген көліктің артынан жүреді.

Сондай-ақ, кадрдан патрульдік полиция көлігі көрінеді. Ол оқиға болып жатқан жерге басқа көшеден бұрылады. Видеоның астында «Оралда былық! Бейберекет» деп жазылған. Роликті мыңдаған адам қарап, пікір қалдырды.

Ал, abdusham деген никпен Instagram пайдаланушысы видеороликтегі өзі екенін атып, Орал тұрғындарынан кешірім сұрады.
Мен осының бәріні кінәлімін, кешірім сұраймын. Тапанша жалған, тек дыбыс қана шығарады. Барлығы мен бір мерекелік жиынға арналған кортежбен бірге бара жатырмын деп ойлайды. Бірақ олай емес. Ал қызметкерлерге келетін болсақ, олар бірден менің әрекетіме назар аударып, өз жұмысын атқарды. Мен жазамды алдым. Орал тұрғындарынан кешірім сұраймын. Әдейі жасағаным жоқ, - деп жазды оқиғаның себепкері.

БҚО Полиция департаментінде оқиға 20 қараша сағат 15.30-да Әбілқайыр хан даңғылының бойында "Мерей" базарына жақын жерде ВАЗ-2115 көлігінің 20 жастағы жүргізушісі көліктен түсіп, ауаға бірнеше рет оқ атты, көлікке отырды және әрі қарай жүріп кетті. Полиция қызметкерлері одан бірден ұстады.
Тінту кезінде тапаншаға ұқсас зат алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат тапанша емес. Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің "Бұзақылық" 434-бабына байланысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа шара қолдану үшін жіберілді, - деді департаменттен. 

Бұған дейін жас жігіт көлік жүргізу куәлігінен айрылған екен. Көлікті ҚР Әкімшілік кодексінің "Жүргізу құқығынсыз және құжатсыз көлік жүргізу" 612-бабы бойынша жауапқа тартылған.
Өзгелердің жаңалығы