Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

12 Тамыз 2019, 17:06
3197
Бөлісу:
Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шыныбеков Абат Абайұлы Орал қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шыныбеков Абат Абайұлы - 1973 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Еуразия» Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер институтын «Экономика және менеджмент», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының магистрі. 

Әр жылдары: 

- Қаратөбе ауданының әкімі аппаратында маман, бас маман, бөлім меңгерушісі;

- Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор;

- Казталов ауданының әкімінің орынбасары;

- Орал қаласы әкімдігінде бөлім бастығы, әкім кеңесшісі;

- «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары; 

- Орал қаласының мәслихат хатшысы; 

- Сырым ауданының әкімі болып қызмет атқарған. 

2017 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Казталов ауданының әкімі болды

Өзгелердің жаңалығы