Орал қаласы жылу элект орталығының қайта құру жұмыстары тексерілді

9 Сәуір 2023, 14:37
982
Бөлісу:
Орал қаласы жылу элект орталығының қайта құру жұмыстары тексерілді
Фото: БҚО әкімдігі

Нариман Төреғалиев Орал қаласы жылу элект орталығының қайта құру жұмыстарын тексерді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкіміне ЖЭО сумен жабдықтауды қайта жаңарту жобасы аясында салқындатқыш мұнараның ауыстыру жұмыстары таныстырылды. Бүгінгі күні салқындатқыш мұнараның жабдықтары толықтай жеткізіліп, құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беру шамамен 2023 жылдың сәуір айының соңы мен мамыр айының басында деп жоспарлануда.

Нысанда турбоагрегатты ауыстыру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Бүгінгі күні "Калуга турбиналық зауыты" АҚ-дан генератор, басқару шкафы, редуктор сынды қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, турбоагрегатты бөлшектеу, іргетасын құю, компенсаторды монтаждау бойынша жұмыстар орындалды. Сонымен қатар, №6 циркуляциялық сорғыны қалпына келтіру, еден төсеу, СП-1 іргетасына кірпіш қалау, бағандар мен арқалықтарды монтаждау, сондай-ақ Бу турбинасын баптау және кондесатормен қосу жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беру шамамен 2023 жылғы қарашасына жоспарлануда.

“Жайықжылуқуат” АҚ басшылығының атқарған жұмыстары туралы есепті тыңдаған облыс әкімі Нариман Төреғалиев кәсіпорын алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды.

Естеріңізге сала кетейік, "Жайықжылуқуат" АҚ кәсіпорны жылу энергиясын берумен, таратумен және жеткізумен ғана емес, сонымен қатар электр энергиясын өндірумен де айналысады.

Өзгелердің жаңалығы