Оқушыларымыз робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды

14 Қараша 2023, 11:24
527
Бөлісу:
Оқушыларымыз робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткізілген робототехника бойынша дүниежүзілік "World Robot Olympiad" олимпиадасында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысқан.

Мақсаты - роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды.

Олар: 2 орын (күміс) «Future Engineers» категориясында астаналық 10-сынып оқушылары Ансар Саурбаев және Амир Карабаев; 3 орын (қола) «Robo Mission» категориясында Астана қаласының 8-9 сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров; 3 орын (қола) «Future Engineers» категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев.

Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-ші роботтар сайыс- фестивалі ретінде өткен болатын.

Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.

Өзгелердің жаңалығы